Астанада жолаушылар автобусы баланы қағып кетті

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Астанада жолаушылар автобусы баланы қағып кетті / Фото: pexels, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Астанада жолаушылар автобусы кәмелетке толмаған баланы қағып кетті, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Қалалық полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, жол-көлік оқиғасы бүгін, 13 қараша күні Молдағалиев көшесінде болған.

Полицияның мәліметінше, Yutong маркалы бағыттық автобустың жүргізушісі реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінен бағдаршамның тыйым салатын қызыл түсіне өтіп бара жатқан жасөспірімді қағып кеткен.

Жол апаты салдарынан зардап шеккен бала медициналық мекемеге жатқызылды. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін Маңғыстау облысында Ақтау-Қаламқас тасжолында автобус мұнайшыны қағып кеткен еді.

Сондай-ақ оқыңыз