Демалыста ауа райы қандай болады
Жарияланды

Алдағы демалыс күндері елде күн суытып, жаңбыр мен қар жауады. «Қазгидромет» синоптиктері 14-15 қарашада ауа райы қандай болатынын болжады.
15 қарашада елдің батысында қатты жаңбыр жауады. 16 қарашада Батыс Қазақстан облысына қар түсуі мүмкін.
Елдің бірнеше өңірінде жел күшейіп, көктайғақ болады деген болжам бар. Түнде және таңертең тұман түседі. Тек Қызылорда облысында ауа райы жауын-шашынсыз болатыны болжанып отыр.
Өңірлерде ауа температурасы қалай өзгереді?
- Батыста түнде ауа температурасы бастапқыда +2…+8 градустан +6…+11 градусқа дейін жылынады. Алайда 16 қарашада –2…+3 градусқа дейін төмендейді. Күндіз +8…+13 градустан +1…+8 градусқа дейін суытады.
- Оңтүстік-батыста түнде ауа температурасы +4…+9 градустан 0…+5 градусқа дейін, күндіз +10…+15 градустан +5…+10 градусқа дейін төмендейді.
- Солтүстік-батыста түнде –3…+3 градус болады. Күндіз ауа температурасы +2…+9 градустан +4…+11 градусқа дейін көтеріледі.
- Солтүстікте түнде –5…+2 градус, күндіз –2…+3 градустан 0…+5 градусқа дейін жылынады. Ал Павлодар облысында керісінше, күн суытады. Түнде –8…–3 градус, күндіз –2…+3 градус болады.
- Орталықта түнгі температура –10…–2 градус аралығында болады. Күндіз –3…+5 градус күтіледі.
- Шығыста түнде ауа температурасы –8…–1 градустан –13…–6 градусқа дейін төмендейді. Күндіз –5…+3 градус болады.
- Оңтүстікте түнде –5…+3 градус, күндіз +5…+12 градустан +7…+15 градусқа дейін жылынады.
- Оңтүстік-шығыста түнде –6…–1 градустан –10…–5 градусқа дейін суытады. Таулы аймақтарда –14…–9 градустан –18…–13 градусқа дейін аяз болады. Күндіз ауа температурасы +2…+10 градустан 0…+8 градусқа дейін төмендейді. Таулы жерлерде –6…–1 градустан –8…–3 градусқа дейін суытады.
Оқи отырыңыз: Алматыда бір тәулікте айлық жауын-шашынның 76% жауды