Павлодарда заңсыз жұмыс істеген Қытайдың 20 азаматы қамауға алынды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Павлодарда заңсыз жұмыс істеген Қытайдың 20 азаматы қамауға алынды / Фото: Shutterstock

Павлодар облысы Железин ауданының Үрлітөбе ауылында еңбек заңнамасын бұзған Қытай Халық Республикасының 20 азаматы ұсталды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Железин аудандық сотының мәліметінше, тәртіп сақшылары тексеріс жүргізу барысында шетелдіктердің С3 санатты визасы болғанымен, аталған өңірде еңбек етуге рұқсаты жоқ екенін әшкерелеген. Визалық жүйедегі деректерге сәйкес, олар Алматы қаласында жұмыс істеуі тиіс болған.

Сот отырысында шетелдік азаматтар өз кінәсін толық мойындап, хаттамада көрсетілген мән-жайларға қарсылық білдірмеді.

Сот шешімімен ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі (тиісті рұқсатсыз еңбек қызметін жүзеге асыру) бойынша кінәлі деп танылған 20 азаматтың әрқайсысына 1 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды. 

Қаулы заңды күшіне енді.

Айта кетейік, осыған дейін Нұрлы жол вокзалында заңсыз көші-қон арнасының жолы кесілгені туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз