Президент ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевқа бірқатар тапсырма берді

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Президент ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевқа бірқатар тапсырма берді / Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдап, ведомствоның жыл басынан бері атқарған жұмыстарының қорытындысы мен алдағы жоспарлары туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды Kursiv.Media. 

Кездесу барысында президентке ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында терроризм мен экстремизмнің алдын алу, есірткі бизнесі мен ұйымдасқан қылмыстық топтарға тосқауыл қою жұмыстарының нәтижелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары және киберқауіпсіздік пен ақпараттық кеңістікті қорғау мәселелері туралы есеп берілді.

Жиын соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Айта кетейік, осыдан бұрын президенттің қатысуымен Қауіпсіздік Комитетінің шұғыл отырысы өткен еді. Жиынға бір күн бұрын «Самұрық-Қазына» мен ҚЖТ басшыларының ұсталуы себеп болды.

Сондай-ақ оқыңыз