Қазақстан паспорты Орталық Азиядағы ең күшті құжат мәртебесін сақтап қалды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Қазақстан паспорты Орталық Азиядағы ең күшті құжат мәртебесін сақтап қалды / Фото: Shutterstock

Қазақстан әлемдік паспорттар рейтингінде Орталық Азия елдері арасында тағы да көш бастады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Henley Passport Index ұйымының 2026 жылғы қазан айындағы жаңартылған дерегіне сәйкес, еліміз жаһандық тізімде 66-орынға тұрақтады.

Бүгінде Қазақстан азаматтары әлемнің 77 бағытына алдын ала виза рәсімдемей-ақ саяхаттай алады (бұған визасыз режиммен қатар, шекарада немесе электронды түрде берілетін рұқсаттар да кіреді).

Көршілес елдердің көрсеткіші

  • Қырғызстан – 59 бағыт;
  • Өзбекстан – 57 бағыт;
  • Тәжікстан – 52 бағыт;
  • Түркіменстан – 44 бағыт.

Әлемдік көшбасшылықты бұрынғыдай Сингапур ұстап тұр – бұл елдің азаматтарына 193 бағыт ашық.

Айта кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы 10 айында елімізде 2,3 миллионнан астам паспорт пен жеке куәлік рәсімделген. Саяхатшыларға жолға шықпас бұрын баратын елдің визалық талаптарын алдын ала тексеру ұсынылады.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан төлқұжаты жаңа дизайнда шығатыны айтылды.

Қазақстандықтар қай елдерге визасыз бара алатынын мынажерден көруге болады. 

Сондай-ақ оқыңыз