Танысын өлтіріп, мәйітін өртеген: Ақсуда ер адамға үкім шықты

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Казахстан убрал устаревший запрет на УДО для приговоренных к смерти
фото: shutterstock

Ақсу қаласында ер адам танысын өлтіріп, мәйітін өртеп жібермек болған. Оқиға 2026 жылдың 17 сәуірі тіркелді. Сол күні кешке сотталушы мен марқұм әйел қала шетіне барып, бірге ішімдік ішкен. 

Сол кезде ер адам әйелдің қайтыс болған анасын балағаттаған. Артынша екеуінің арасында жанжал шығады. Сол кезде П. бірге ішімдік ішіп отырған танысын жұдырықпен ұрып құлатқан. Ер адам онымен тоқтамай, әйелді бірнеше рет тепкен. Әйел сол жерде қайтыс болды. 

Ер адам әйелдің қайтыс болғанын көргеннен кейін үйіне барып, дизель отынын алып келеді. Қылмысын жасыру мақсатында марқұмның киімін шешіп, денесін өртеп, оқиға орнынан кетіп қалған. 

Қылмыстық іс 2026 жылдың 12 қарашасы Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Сот үкіміне сәйкес, ер адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Одан бөлек жәбірленуші тарапқа 5,5 миллион теңге төлеуге тиіс. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, Атырауда азаматтық некедегі әйелін 28 рет пышақтаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз