ҚТЖ екі күн өткен соң компаня басшысының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: Асқар Ахметуллин

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басқарма төрағасы Елжас Отыншиев ұсталуына байланысты құқық қорғау органдарына жан-жақты көмек көрсетіп жатыр. Бүгін компания баспасөз қызметі осындай хабарлама таратты.

ҚТЖ мәліметінше, 12 қарашада екі ірі мемлекеттік құрылым басшыларының сотқа дейінгі тергеу аясында ұсталғаны туралы ақпаратты назарға алған. Қазір компания құқық қорғау органдарымен қажетті деңгейде жұмыс істеп, олардың сұратқан барлық құжаты мен материалын заң аясында ұсынып жатыр. Баспасөз қызметі тергеуге қатысты өзге мәліметтерді жарияламады.

Ұлттық компанияның хабарлауынша, ҚТЖ тобына қарасты еншілес кәсіпорындардың бәрі әдеттегідей жұмыс істеп тұр. Инвесторлар, кредиторлар, халықаралық қаржы ұйымдары және серіктестер алдындағы міндеттемелер де өзгеріссіз қалады. Компания барлық келісімшарт талаптарын толық орындап жатыр.

Еске салайық, 2026 жылғы 11 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері «Қазақстан темір жолы» басшысы Елжас Отыншиев пен «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыповты ұстаған. Олар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген.

Оқи отырыңыз: 

Сондай-ақ оқыңыз