Адам өлтіру, есірткі саудасы: жасөспірімдер қандай қылмыстар үшін тергеліп жатыр

Жарияланды
Жасөспірімдер қандай қылмыс жасады / Фото: Shutterstock

Құрылтайда өткен брифингте әкімшілік полиция комитеті ювеналды полиция басқармасының бастығы Асхат Дүйсембеков жасөпірімдер арасында жасалған қылмыстар жайлы айтты.

«Заңға сәйкес, жасөспірімдер 16 жастан бастап қылмыстық жауапкершілкке тартылады. Ал аса ауыр қылмыстар болса, 14 жастан бастап жауапқа тартылады. Қазір тергеудегі жасөспірімдерге қатысты айтатын болсақ, олар кісі өлтіру, заңсыз есірткі айналымы бойынша отыр», – деді Дүйсембеков.

Оның айтуынша, жасөспірімдер арасында көбіне ұсақ бұзақылық бойынша істер көп тіркеледі.

«Ал қылмыс жасаған оқушылардың қылмыстары үшін ата-аналар 127-бап бойынша жазаланады», – деді Асхат Дүйсембеков.

Құрылтай отырысында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қазір елдегі тергеу изоляторларында 119 бала отырғаны айтты.

Сондай-ақ оқыңыз