Баспана кезегінде қанша жетім бала тұр – Сүлейменова жауап берді 

Жарияланды
Алматы жастар тұрғын үй бағдарламасы баспана
Қанша жетім бала баспана алып, нешеуі кезекте тұр / Фото: shutterstock

Қазақстанда жетім қалған 3 576 бала 2026 жылы тұрғын үй алды. Қазір тағы 59 мың бала баспана кезегінде тұр. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова құрылтайда өткен үкімет сағатында 616 маман осындай санаттағы балалармен жұмыс істейтінін айтты, деп жазады Kursiv.Media.

«Тұжырымдама аясында балалардың отбасында тәрбиелену және әлеуметтік қорғалу құқығын қамтамасыз етуге бағытталған 28 іс-шара қарастырылған. Оның сегізін 2026 жылы, бесеуін жыл сайын іске асыру жоспарланған. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс істеу үшін 616 маман даярланған. Сонымен қатар «Қазақстан халқына» қоры балалар мен отбасыларды қолдауға арналған 120-дан астам бағдарлама мен жобаны қаржыландырып келеді. Қазір оларға әлеуметтік көмектің 49 түрі көрсетіледі», – деді министр. 

Министрдің айтуынша, республика бойынша 1-4-сыныпта оқитын 1,7 млн бала және әлеуметтік осал отбасылардан шыққан оқушылар тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

Жалпыға міндетті білім беру қоры арқылы 421 380 оқушыға 22 млрд теңге көлемінде көмек көрсетілген.

Ал тергеу изоляторында отырған 119 баланың білім алу құқығы қорғалады.

Сондай-ақ оқыңыз