Биыл «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша 901,7 млн доллар аударылды 

Жарияланды
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша биыл қанша ақша аударылды/ Фото: Shutterstock

Құрылтайда өткен үкімет сағатында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова биыл «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында қанша ақша төленгенін айтты, деп жазады Kursiv.Media.

Қазақстанда 7 миллионға жуық бала тұрады. Бұл – халықтың шамамен үштен бір бөлігі. Осы балалардың игілігі үшін мемлекет тарапынан салынған инвестиция үш есе өсіп, 6,4 трлн теңгеге жетті.

«2024 жылдан бастап «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді және  әр баланың арнайы шотына тиісті қаражат аударылды. Осылайша 2024 жылы – 695,5 млн АҚШ доллары, 2025 жылы – 888,8 млн АҚШ доллары, ал 2026 жылы – 901,7 млн АҚШ доллары аударылды», – деді Сүлейменова.

Министр атағңандай, «Келешек» білім беру жинақтау жүйесі енгізіліп, мемлекеттік бастапқы капитал 60 айлық есептік көрсеткіш, ал жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 120 айлық есептік көрсеткіш болып белгіленген.

Оқи отырыңыз: Балаларды еңбекке заңсыз тартқан ұйымдарға 230 млн теңге айыппұл салынған

Сондай-ақ оқыңыз