Эстония Ресеймен шекарадағы өткізу бекеттерін түгел жаппақшы

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Эстония мен Ресей шекарасы. Нарва қамалы және шекаралық Нарва өзені арқылы өтетін Достық көпірі / Фото: Чиженок Александр/PhotoXPress.ru

Эстония үкіметі 1 желтоқсаннан бастап Ресеймен шекарадағы барлық өткізу бекетін жабуды жоспарлап отыр. Бұл туралы елдің сыртқы істер министрі Маргус Цахкна мәлімдеген.

Қазір екі ел шекарасында үш өткізу бекеті жұмыс істейді. Олар – «Нарва», «Лухамаа» және «Койдула». Алайда бекеттердің жұмыс уақыты шектелген: таңғы сағат 7:00-ден кешкі 19:00-ге дейін ғана ашық. Тамыз айында бұл шектеулер мерзімсіз ұзартылған. Ал бірінші желтоқсаннан бастап толығымен жабылмақшы.

Эстония билігі шекараны толық жабу туралы шешімді дрон өндіретін Threod Systems компаниясының ғимаратын өртеуге әрекет жасалғаннан кейін қабылдаған. Эстония тарапы бұл оқиғаға Ресейдің арнайы қызметінің қатысы болуы мүмкін деп санайды. Осы іске байланысты Латвияның сегіз азаматы ұсталған.

Ал Мәскеу Еуропа елдеріндегі диверсияларға қатысы бар деген айыптауларды үнемі жоққа шығарып келеді. Ресей сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова Мәскеу бұл ақпараттың рас-өтірігін тексеретінін айтты. Оның сөзінше, егер Эстония шынымен осындай жоспарды жүзеге асырса, бұл Ресейге қарсы кезекті әрекет болмақ. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков та Эстонияның айыптауын жоққа шығарды.

Оқи отырыңыз:

Сондай-ақ оқыңыз