Мектептен тыс жерде болған: құрдасынан соққы алған жасөспірім әлі ауруханада жатыр 

Жарияланды
Жамбыл облысында құрдасымен жанжалдасқан оқушы әлі ауруханада / Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Құрылтайда өткен брифингте ювеналды полиция басқармасының бастығы Асхат Дүйсембеков Жамбыл облысында қатарласынан соққы алып комаға түскен жасөспірім жайлы айтты. 

«Бала әлі күнге дейін ауруханада жатыр. Тергеу бойынша шешім шығарылады. Екі баланың арасында кикілжің болған. Бір жасөспірім екіншісіне соққы жасаған. Кейін ол ауруханаға түсті. Бұл жағдай мектеп сыртында болған», – деді Дүйсембеов. 

Жамбыл ауданындағы Бірлесу-Еңбек ауылында болған оқиға жайлы жазған едік.

Оның жағдайы жайлы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова да пікір білдірген еді. 

Сондай-ақ оқыңыз