Қазақстан мен Словакия Ұлттар лигасының соңғы матчында тең ойнады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Ислам Чесноков (17) только что открыл счет в матче со Словакией
Қазақстан мен Словакия Ұлттар лигасының соңғы матчында тең ойнады / Фото: ҚФФ

«Астана Арена» стадионында өткен Ұлттар лигасы топтық кезеңінің соңғы матчында Қазақстан құрамасы Словакиямен тең ойнады. 

Кездесу 2:2 есебімен аяқталды, ал словакиялықтар шешуші голды ойын соңындағы қосымша минуттарда соғып кетті. Ойынды әзербайжандық бас төреші Әлияр Ағаев басқарды.

Бірінші таймда командалар қауіпті сәттерді өте сирек жасады. Дегенмен, 29-минутта Ислам Чесноков қазақстандық құраманың шабуылын нәтижелі аяқтап, есеп ашты.

Екінші таймда словакиялықтар қысымды күшейтіп, 56-минутта есепті теңестірді — айып алаңының ортасынан Роберт Боженик баспен дәл көздеді. Алайда араға небәрі тоғыз минут салып, 65-минутта Ян Вороговский айып алаңында допты қабылдап, алыс бұрышқа әдемі соққы жасады (2:1).

Қазақстандық команда жеңісті соңғы ысқырыққа дейін сақтап қалуға тырысқанымен, төреші қосқан 5-минутта Адриан Капралик қақпаға жауапты гол соғып, матчың нүктесін қойды — 2:2.

Осылайша, алты кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 3 ұпай жинап, Ұлттар лигасының C дивизионы 3-тобында соңғы орынға тұрақтады.

Сондай-ақ оқыңыз