Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа басшы тағайындалды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа басшы тағайындалды
Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа басшы тағайындалды / фото: ҰҚК

ҰҚК жаңа басшысы болып Марат Ирменов тағайындалды. Ол бұған дейін ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары қызметінде болған.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – деп хабарлады Ақорда.

Марат Ирменов Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын (1993 жыл), ҚР ҰҚК институтын (1996 жыл), Халықаралық құқық және нарық академиясын (2000 жыл) тәмамдаған.

1996–2000 жылдары — ұлттық қауіпсіздік органдарында жедел лауазымдарда қызмет атқарды;

2000–2025 жылдары — ұлттық қауіпсіздік органдарында басшылық лауазымдарда қызмет етті;

2025 жылдың қазанынан бастап ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды.

ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, мемлекеттік, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен марапатталған. ҚР ҰҚК құрметті қызметкері.

2019 жылы ҚР президентінің жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы берілген.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаев қызметінен босатылған еді.

Сондай-ақ оқыңыз