Алматыда жыныстық сипатта қылмыс жасады деген күдікті өз-өзіне қол жұмсамақ болды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Алматыда жыныстық сипатта қылмыс жасады деген күдікті өз-өзіне қол жұмсамақ болды / Фото: Unplush

Алматының Алатау ауданында ата-аналар қыздарына қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс жасады деген күдікпен бейтаныс ер адамның үстінен полицияға шағымданды.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, «Боран-127» патрульдік экипажы күдіктіні жедел түрде қолға түсірген. Алайда ұсталғаннан кейін ер адам өзіне дене жарақатын салып, суицид жасауға әрекеттенген. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, дәрігерлер оған алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Жәбірленуші мен күдіктінің жасы, сондай-ақ, қылмыстың өзге де егжей-тегжейі әзірге жарияланған жоқ.

Айта кетейік, осыған дейін Қостанайда мектепте оқушыны зорлау туралы арызды полиция тексеріп жатқаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз