Қазақстанда құрастырылған көліктер 17%-ға арзандады – вице-министр

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: kursiv.media, Дина Карамчакова

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Қазақстанда құрастырылатын жаңа автокөліктердің бағасы қанша пайызға арзандағанын айтты.

Вице-министрдің айтуынша, жаңа көліктердің бағасы арзандап жатыр.

«Ұлттық статистика деректеріне сәйкес, қазан айында жаңа автокөліктердің бағасы 14%-ға төмендеген. Соның ішінде Қазақстанда өндірілетін көліктердің бағасы 17%-дан астам азайды», – деді вице-министр үкіметте өткен брифинг барсында.

Ал Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев келтірген дерек өзгеше. Министр жуырда Қазақстанда өндірілген көліктердің бағасы соңғы айларда шамамен 11%-ға төмендегенін айтқан еді. Сондай-ақ қараша-желтоқсан айларында автосалондардағы жеңілдіктер көбейіп, көлік бағасы одан әрі арзандауы мүмкін екенін болжады.

Сондай-ақ оқыңыз