Қазақстандық компания Абай облысында алтын іздейді

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock

Абай облысында алтын кені бар аймақтарды анықтау үшін ауқымды геологиялық барлау жұмысы жүргізілмек. «Assana company» компаниясы Аягөз ауданында алтын кенін іздейді, деп хабарлайды qazba.kz.

Аталған жоба 2026 жылдың 26 қыркүйегінде берілген № 4880-EL лицензиясы негізінде жүзеге асырылады. Жалпы көлемі 49 шаршы шақырымды құрайды. Бұған дейін жүргізілген геологиялық және геофизикалық зерттеу нәтижесінде бұл аймақтан алтын көріністері анықталған болатын.

Геологиялық барлау жұмыстарының басты мақсаты – аймақтың геологиялық құрылымын жан-жақты зерделеу, алтын кездесетін перспективті учаскелерді айқындау, руданың орналасу сипаты мен сапалық көрсеткіштерін нақтылау.

Сонымен қатар бұл шаралар болашақта пайдалы қазбалардың қорын есептеп, ресурстарды бағалау үшін қажетті бастапқы геологиялық деректерді жинауға мүмкіндік береді.

Аталмыш геологиялық барлау жұмысын 2026–2032 жылдар аралығында өткізу жоспарланып отыр.

eGov деректеріне сүйенсек, негізінен көтеме саудамен айналысатын «Assana company» ЖШС Астана қаласында тіркелген, ал компанияның жалғыз құрылтайшысы әрі басшысы – Азамат Кенжалин.

Бұған дейін Қытай инвесторына тиесілі компания Ақмола облысында алтын іздейтіні хабарланған.

Сондай-ақ оқыңыз