Елдің басым бөлігінде 10 градусқа дейін жылы болады

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Жаңбыр, қар және көктайғақ: ауа райы күрт құбылады
Жаңбыр, қар және көктайғақ: ауа райы күрт құбылады / Фото: Shutterstock

19, 20 және 21 қарашада ел аумағының басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонының әсерінен ауа райы бұзылады. Синоптиктердің болжамынша, жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады, дегенмен елдің кей аймағында күндізгі ауа температурасы біртіндеп жылынады.

Алдымен циклонның ықпалы батыс өңірлерде сезіліп, кейін тұрақсыз ауа райы солтүстік-батыс пен солтүстік аймақтарға ойысады.

Республика бойынша жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді. Солтүстік өңірлерде көктайғақ күтілсе, түнгі және таңғы уақыттарда кей жерлерді тұман басады. Тек елдің шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Ауа температурасы өңірлер бойынша келесідей өзгереді:

Батыста түнде −2…+5 °C-тан +1…+10 °C-қа дейін, күндіз +2…+10 °C-тан +5…+10 °C-қа дейін жылынады;

Солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және шығыста түнде −3…−13 °C шамасында аяз сақталады, ал күндіз ауа температурасы 0…+5 °C-тан +5…+10 °C-қа дейін көтеріледі;

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа температурасында күрт өзгерістер болмайды.

Бұған дейін Қазгидромет қыстың алғашқы айы – желтоқсанда ауа райы қандай болатынын жариялаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз