Иранда 13 мұнайшының қазасынан кейін наразылық акциялары басталды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
иран -ии
Иранда 13 мұнайшының қазасынан кейін наразылық акциялары басталды / Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Иранның батысындағы Абданан қаласының тұрғындары 17 қарашада мұнай-газ саласының 13 қызметкері жол апатынан қаза тапқаннан кейін көшеге шықты. 

Жерлеу рәсімінен соң, басталған акцияға мыңға жуық адам жиналып, апатқа кінәлілерді жауапқа тартуды және шенеуніктерді отставкаға жіберуді талап етті. Көшеге шыққандардың кейбірі үкіметке қарсы ұрандар көтерді.

Hengaw құқық қорғау ұйымының хабарлауынша, полиция көзден жас ағызатын газ қолданып, қақтығыс басталған. Кемінде жеті адам ұсталып, оның екеуі (біреуі 15 жастағы жасөспірім) кейін босатылды. Акция кезінде аймақта интернет үзілген.

14 қараша кешке мұнайшылар мінген автобус аударылып, 13 адам қаза тауып, 17-сі жарақат алған. Жол полициясы апатқа үш себепті атады:

  • жүргізушінің жылдамдықты асыруы;
  • автобустың жолаушылар тасымалдау ережесін бұза отырып жалға алынуы;
  • жол бойында тиісті қоршаудың болмауы.

Прокуратура кәсіпорынның бас директоры мен провинцияның жол қызметі басшысына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ел билігі Илам провинциясы мен Абданан уезінде аза тұту күндерін жариялады.

Айта кетейік, осыған дейін Сауд Арабиясының ұлттық кеме қатынасы компаниясына тиесілі мұнай танкеріне Иран тарапынан шабуыл жасалып, салдарынан филиппиндік екі теңізші қаза тапқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз