«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары қамауда отыр – ҰҚК

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары қамауға алынды
коллаж kursiv.media

«Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» басшысы Елжас Отыншиев қамауда отыр. Kursiv.Media Ұлттық қауіпсіздік комитетінен ұсталған тұлғаларға қандай бұлтартпау шарасы қолданылғанын, Астанада шашылған долларлардың күдіктілерге қаншалықты қатысы барын сұраған. Комитет тек күдіктілерге қамау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылғанын нақтылаумен шектелді.

«12 қарашада аталған тұлғалар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалды. 14 қарашада тергеу сотының санкциясымен оларға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда», – делінген хабарламада.

Комитет ҚПК-нің 201-бабына сілтеп, өзге ақпарат бермеді.

Оқиғаның мән-жайы

12 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астанада «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» басшысы Елжас Отыншиевтің ұсталғанын хабарлады. Олар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген.

Кейінірек «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың ұсталуына қатысты түсініктеме берді. Ал ҚТЖ екі күн өткен соң компаня басшысының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады.

13 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізді. Ол Конституцияның негізгі ережелерін сақтамағандар «Заң мен Тәртіп» қағидатына сәйкес қатаң жазаланатынын айтты.

Айта кетейік, Елжас Отыншиевтің аталған қызметте небәрі 4 ай ғана жұмыс істеген. Ол 2026 жылдың 20 шілдесінде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының төрағасы болып тағайындалған еді.

Ал «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов бұл қызметке 2023 жылдың сәуірінде келген.

Оқи отырыңыз: Жақыпов пен Отыншиевті не байланыстырады

Сондай-ақ оқыңыз