Ұлттық құраманың Еуро-2028 іріктеу кезеңіндегі қарсыластары кім болуы мүмкін

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Футбольная сборная Казахстана
Ұлттық құраманың Еуро-2028 іріктеу кезеңіндегі қарсыластары кім болуы мүмкін / ҚФФ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2028 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне арналған жеребе тарту рәсімі алдында төртінші себетке түсті. Жеребе 6 желтоқсанда өтеді.

Себеттер құрамы 2026/27 жылғы маусымдағы Ұлттар лигасының топтық кезеңі аяқталғаннан кейін жасақталды. Қазақстанмен бірге төртінші себетке Кипр, Финляндия, Молдова, Армения, Болгария, Люксембург, Латвия, Беларусь, Эстония, Фарер аралдары және Сан-Марино құрамалары енді.

Жеребе алдындағы себеттер құрамы:

  • Бірінші себет: Испания, Англия, Италия, Германия, Португалия, Франция, Бельгия, Нидерланд, Дания, Грекия, Норвегия, Хорватия.
  • Екінші себет: Уэльс, Сербия, Түркия, Швейцария, Швеция, Аустрия, Мажарстан, Босния және Герцеговина, Солтүстік Ирландия, Чехия, Словения, Ирландия.
  • Үшінші себет: Украина, Шотландия, Польша, Израиль, Грузия, Румыния, Солтүстік Македония, Черногория, Словакия, Косово, Албания, Исландия.
  • Төртінші себет: Қазақстан, Кипр, Финляндия, Молдова, Армения, Болгария, Люксембург, Латвия, Беларусь, Эстония, Фарер аралдары, Сан-Марино.
  • Бесінші себет: Мальта, Әзербайжан, Литва, Андорра, Гибралтар, Лихтенштейн.

Жеребе қорытындысы бойынша 54 құрама 12 топқа бөлінеді. Әр топта төрт немесе бес командадан болады.

Іріктеу турнирінің матчтары 2027 жылдың наурызы мен қарашасы аралығында өтеді. Топ жеңімпаздары мен екінші орын алған үздік сегіз құрама Еуро-2028 финалдық кезеңіне тікелей жолдама алады. Еуропа чемпионатының тағы төрт қатысушысы Ұлттар лигасының нәтижелері ескерілетін плей-офф ойындары арқылы анықталады.

Айта кетейік, Ұлттар лигасы топтық кезеңінің соңғы матчында Қазақстан құрамасы Словакиямен тең түскен еді.

Сондай-ақ оқыңыз