Эстония Ресеймен шекараны жабады: парламент заң жобасын мақұлдады

Жарияланды
Эстония Ресей шекарасына қатысты заңды мақұлдады/ Чиженок Александр/PhotoXPress.ru

Эстония парламенті (Рийгикогу) Ресеймен шекарадағы өткізу бекеттерін жабу жайлы заң жобасын бірінші оқылымда қолдады. Бұл туралы парламенттің ресми сайты хабарлады.

Құжатты 37 депутат қолдап дауыс берген, екеуі қарсы шыққан. Тағы 36 депутат дауыс беруге қатыспаған.

Заң жобасын 14 қыркүйекте консервативтік «Isamaa» партиясы ұсынған. Партия бұған дейін де 2025 жылдың көктемі мен күзінде осындай бастама көтергенімен, ол кезде ұсыныстарды парламент қолдамаған.

Шекараны жабу туралы кезекті бастама Эстониядағы қорғаныс кәсіпорнына жасалған шабуылдан кейін көтеріліп отыр. Жергілікті билік өкілдері Ресейдің қатысы болуы мүмкін деп санайтын кәсіпорынды өртеуге әрекет жасады деген күдікпен Латвияның сегіз азаматы ұсталған.

Оқи отырыңыз: Польша Ресеймен шекарадағы аймақта арнайы операция бастады

Сондай-ақ оқыңыз