FlyArystan Ақтаудан шетелге ұшатын рейстерге жеңілдік жариялады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: Flyarystan

FlyArystan әуекомпаниясы «Берекелі бейсенбі» атты апта сайынғы акциясын жариялады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Компанияның хабарлауынша, акция аясында әуе билеттері мен тарифтік пакеттерді 19 000 теңгеден басталатын бағамен сатып алуға болады.

Акция келесі бағыттарға қолданылады:

·       Ақтау – Ыстанбұл – Ақтау – билеттер 26 000 теңгеден бастап;
·       Ақтау – Баку – Ақтау – билеттер 19 000 теңгеден бастап;
·       Ақтау – Кутаиси – Ақтау – билеттер 29 000 теңгеден бастап;
·       Ақтау – Ереван – Ақтау – билеттер 25 000 теңгеден бастап;
·       Ақтау – Үрімші – Ақтау – билеттер 39 000 теңгеден бастап;
·       Ақтау – Атырау – Ақтау – билеттер 9 999 теңгеден бастап;
·       Ақтау – Дубай – Ақтау – билеттер 45 000 теңгеден бастап.

Тиімді бағамен ұсынылатын билеттер мен тарифтік пакеттерді 2026 жылғы 19–22 қараша аралығында қоса алғанда сатып алуға болады.

Жеңілдік 2026 жылғы 1 желтоқсаннан 2027 жылғы 3 наурызға дейінгі рейстерге қолданылады. Ақтау – Үрімші – Ақтау бағыты бойынша 2027 жылғы 1–7 ақпан аралығы жеңілдік қолданылмайтын кезең болып саналады.

Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша бұл кезең 2026 жылғы 26 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін. Ақтау – Ереван – Ақтау бағыты бойынша жеңілдік қолданылмайтын күндер жоқ. Қалған бағыттар бойынша жеңілдік 2026 жылғы 24 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін қолданылмайды.

Айта кететін жайт, FlyArystan Орал – Дубай бағыты бойынша билет сатуды бастады. Алғашқы рейс 24 желтоқсанға жоспарланған.

Сондай-ақ оқыңыз