Халық бір айда 60 млрд теңге зейнетақы жинағын жеке компаниялардың басқаруына берген

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Зейнетақы жинағын жеке компанияларға аударғандардың қатары артты / Фото: shutterstock

БЖЗҚ салымшылары бір ай ішінде жеке басқарушы компанияларға 60 млрд теңге зейнетақы жинағын аударған. Бұл туралы БЖЗҚ дерегіне сүйене отырып Бірінші несие бюросының сарапшылары жазады.

Бір айда аударылған қаржы көлемі 4%-ға артқанымен, аударым саны 16%-ға азайды.

Айта кетейік, қыркүйекте БЖЗҚ салымшыларына зейнетақы жинағын түгел жеке басқаруға беруге рұқсат етілген.

Жеткілікті шек көтерілген кезеңде бұл шешім халықтың ИПБ-ға деген қызығушылығын күрт арттырды: аударымдар жинақты пайдаланудың жалғыз тәсілі болып тұр.

Ал соңғы екі айдағы ИПБ-ға аударылған қаржы көлемі 118,8 млрд теңгені құрады

Бұл зейнетақы жинағын жеке басқарушы компанияларға аударуға рұқсат берілген 2021 жылдың қаңтарынан бері аударылған қаражаттың 40%-ына тең. Ал аударымдар саны бойынша қыркүйек-қазан айларының үлесі 29%-ды (73,2 мың бірлік) құрайды.

16 қарашадан зейнетақы активтерін басқаруда консервативті, қалыпты және тәуекелді жоғары портфельдер енгізіліп, олардың шетел валютасындағы үлесі 40%, 70% және 80%-ға дейін белгіленді.

Сондай-ақ оқыңыз