Қазақстанның екі облысында Астана – Павлодар тасжолының учаскелері жабылды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Қазақстанның екі облысында Астана – Павлодар тасжолының учаскелері жабылды / Фото: Shutterstock

Ауа райының нашарлауына байланысты 19 қараша күні сағат 18:00-ден бастап Астанадан Шидерті кентіне дейінгі тасжол учаскесі барлық көлік түрлері үшін жабылды. Шектеу Ақмола және Павлодар облыстарында енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады. Қозғалысты 20 қараша күні сағат 09:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.

Әңгіме «Астана – Шидерті – Павлодар – Успенка – Ресей шекарасы» тасжолының екі іргелес учаскесі туралы:

  • Ақмола облысында қозғалыс 16–200 шақырым аралығында шектелді — Астанадан Павлодар облысының шекарасына дейін.
  • Павлодар облысында учаске 200–254 шақырым аралығында жабылды — Ақмола облысының шекарасынан Шидерті кентіне дейін.

Екі учаскенің де ашылу уақыты шамамен көрсетілген. Жол жүру туралы өзекті ақпаратты тәулік бойы 1403 нөмірі арқылы білуге болады.

Сондай-ақ оқыңыз