Роберт Паттинсон Джеймс Бонд рөліне кастингке қатысқаны үшін 1 млн доллар алған

Британдық актер Роберт Паттинсон Джеймс Бонд рөліне іріктеуге қатысқаны үшін 1 млн доллар (шамамен 445 млн теңге) гонорар алған. Ал егер фильм жақсы касса жинаса, болжамдар орындалса, актер жаңа фильмдер сериясындағы үш жылдық жұмысы үшін 76–98 млн доллар (33–43 млрд теңге) табуы мүмкін. Бұл туралы Daily Mail басылымы жазды.
Бір қызығы, Паттинсон бастапқыда басты рөлге үміткерлер тізімінде болмаған. Алғашында бұл рөлге Джек Лоуден, Каллум Тернер және Джош О’Коннор қарастырылған. Кейін кастингке Роберт Паттинсон мен Николас Холт та шақырылған.
Кастинг жұмысына Amazon компаниясының басшысы Джефф Безос та қатысқан. Оның айтуынша, бастапқыда фильм түсірушілер Паттинсонды таңдауға күмәнданған. Олар басты рөлге көпшілікке онша таныс емес актерді шақыруды да ойластырған. Алайда кастингтен кейін бұл күмән сейілген көрінеді.
Еске салайық, 17 қарашада британдық актер Роберт Паттинсон Джеймс Бонд туралы жаңа фильмде аты аңызға айналған агенттің рөлін сомдайтыны белгілі болды. Түсірілім 2027 жылы басталады, ал премьерасы 2028 өтеді деп жоспарланған.