Семейде TikTok-та балағат сөз айтқан әйел психикалық орталыққа жатқызылды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: Абай облыстық полиция департаменті таратқан видеодан кадрлар, ЖИ арқылы өңделген

Абай облысында TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтқан 53 жастағы әйел үш айға психикалық денсаулық орталығына мәжбүрлі түрде жатқызылды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Полиция қызметкерлері әйелді Семей қаласында анықтаған. Ведомствоның мәліметінше, ол бұған дейін де осындай құқықбұзушылықтар жасаған. Тамыз айында сот оған әкімшілік қамақ жазасын тағайындаған.

Бұл жолы полицейлер жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге әйелдің үйіне барған. Сонымен қатар онымен бірге тұратын азаматтан да шағым түскені белгілі болды.

Нәтижесінде әйел үш ай мерзімге психикалық денсаулық орталығына мәжбүрлі түрде орналастырылған.

Абай облысының полиция департаменті әлеуметтік желілерде қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін заң бойынша жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Сондай-ақ оқыңыз