Тоқаев Парламентаралық одақтың президентін қабылдады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Фото: Ақорда

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентаралық одақтың жаңа президенті Милтон Дикті қабылдады. Ол сондай-ақ Аустралия Парламенті Өкілдер палатасының спикері қызметін атқарады.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев қонақты жоғары лауазымға сайлануымен құттықтады. Президент жауапты миссияны абыроймен атқаруына сәттілік тіледі.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан Парламентаралық одақпен ұзақ жылдар бойы жемісті ынтымақтастық орнатып келеді. Одақ халықаралық серіктестікті дамытатын маңызды институт саналады, сондықтан еліміз онымен байланысты одан әрі нығайтуға дайын.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалар туралы айтты. Әсіресе саяси жүйені жаңғыртуға және демократиялық институттарды күшейтуге бағытталған шараларға тоқталды.

Милтон Дик өз сөзінде Парламентаралық одақтың президенті ретіндегі алғашқы сапарын Қазақстаннан бастағанын ерекше атап өтті. Ол еліміздегі саяси және экономикалық өзгерістерге жоғары баға берді.

Тараптар әңгімелесу кезінде парламенттік дипломатияны дамыту, жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық және Қазақстан мен Аустралия арасындағы әріптестіктің болашағы туралы пікір алмасты.

Сондай-ақ оқыңыз