Анасы жасырмақ болған: оқушы қыз өгей әкесінің ағасы зорлағанын айтты

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
shutterstock, бильд-редактор: Милош Муратовский

Қызылорда облысында оқушы қыз өгей әкесінің ағасы өзін бірнеше рет зорлады деп мәлімдеді.

Бұл туралы Kriminal Kazakhstan хабарлады. Жәбірленушінің айтуынша, 58 жастағы ер адам оған ұйықтататын әсері бар белгісіз дәрілер берген. Сосын ұйықтап кеткенін күтіп, жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен.

Қыздың сөзінше, алғашқы жағдай ер адамның көлігінде болыпты. Ал кейін мұндай әрекет Қармақшы ауданындағы үйде тағы екі рет қайталанған.

Болған жайттан туыстары хабардар болғаннан кейін, олар полицияға жүгінген. Қыз анасы оны «мұның бәрі өтірік» деп айтуға және істі әрі қарай жалғастырудан бас тартуға бірнеше рет көндіруге тырысқанын мәлімдеді.

Қазір 9-сынып оқушысы екі айға жуық уақыттан бері кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында жатыр. Онда оған мамандар көмек көрсетуде.

Полиция «Зорлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қызылорда облысы ПД бастығының орынбасары Нұрсұлтан Алтайдың айтуынша, арызданушы қылмыстар 2024 жылы жасалғанын жеткізген.

Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалған.

Айта кететін жайт, Астанада ер адам оқушы қыздың ізіне түсіп аңдыған.

Сондай-ақ оқыңыз