Бакуде желідегі суреті үшін әпкесін өлтірді деген күдікпен 18 жастағы жігіт ұсталды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Бакуде желідегі суреті үшін әпкесін өлтірді деген күдікпен 18 жастағы жігіт ұсталды / Фото: Instagram / ince1senet

Бакуде 23 жастағы суретші Гюляра Мехдиеваның өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр. Қылмыста оның 18 жастағы бауыры Айхан Мехдиев күдікті деп танылды.

Oxu.Az басылымының мәліметінше, оқиға 16 қараша күні шамамен сағат 14:30-да Бакудің Бинагади ауданындағы пәтерлердің бірінде болған. Бұл уақытта үйде жастардың ата-анасы болмаған. Алдын ала дерекке сүйенсек, сабақтан оралған Айхан әпкесінің желідегі суреттері мен бейтаныс ер адамдардың пікірлеріне наразылық білдіріп, фотоларды өшіруді талап еткен. Қыз бас тартқаннан кейін екеуінің арасында жанжал шыққан.

Күдікті әпкесіне бірнеше рет пышақ жарақатын салған. Қыз ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Полиция күдіктіні ұстады. Жауап алу кезінде ол әрекетін «қызғаныш» деп түсіндірген.

Ашық деректерге сүйенсек, Гюляра 2003 жылы дүниеге келген. Ол үш жасқа толғанда ата-анасы ажырасып, қыз әкесімен бірге қалған. 2007 жылы әкесі екінші рет шаңырақ көтеріп, тағы төрт балалы болған. Олардың алғашқысы 2008 жылы туған Айхан. Әпкелі-інілі екеуі бір үйде тұрған.

Айхан Мехдиев Әзербайжан мемлекеттік дене шынықтыру және спорт академиясының екінші курс студенті болса, Гюляра жас суретші ретінде танылған.

Сондай-ақ оқыңыз