Швеция Қазақстанның тау-кен саласына инвестиция салмақ

Жарияланды 20 Қараша 2026 11:44

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business news бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Фото: kursiv.media

Швеция Қазақстанның тау-кен саласына инвестиция салмақ. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарлайды.

Қазақстан мен Швеция аса маңызды шикізат пен тау-кен өнеркәсібін орнықты дамыту жөнінде стратегиялық диалог өткізген. Кездесуде Қазақстан үшін басым жобалар, Швеция технологияларын қолдану мүмкіндіктері, сондай-ақ инвестиция тартып, бірлескен бастамаларды іске қосуға дайындаудың жолдары талқыланған.

«Қазақстан тарапы аса маңызды шикізат пен жер қойнауын орнықты пайдалану жөніндегі басым бағыттарын таныстырып, шетелдік серіктестермен бірлесіп іске асыруға болатын жобаларды ұсынды. Қатысушылар екі елдің кәсіпорындары тау-кен өнеркәсібін жаңғыртуда қалай бірлесе жұмыс істей алатынын талқылады», – делінген хабарламада.

Кейінгі жылдары тау-кен саласына салынған негігзі капитал көлемі азайып келе жатқаны айтылады.

Биыл Қазақстанда зауыттар мен өндіріс орындарына салынған инвестиция тау-кен саласына бағытталған қаржыдан асты. 2026 жылдың қаңтар-қазанында өңдеу өнеркәсібіне 2,55 трлн теңге, ал тау-кен өндірісіне 2,43 трлн теңге инвестиция салынған. 

Сондай-ақ оқыңыз