Тұман, көктайғақ және қатты жел: дауылды ескерту жарияланды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Фото: gov.kz

20 қарашада елдің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Ел аумағында тұман түсіп, көктайғақ болады, кей өңірлерде желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін.

Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазгидромет» РМК деректеріне сүйене отырып, қолайсыз ауа райы күтілетін өңірлерді атады.

Тұман. Астана, Алматы, Шымкент, Петропавл, Өскемен, Қарағанды, Жезқазған, Қызылорда, Тараз, Ақтау, Орал, Атырау, Қостанай және Павлодар қалаларында, сондай-ақ облыстардың жекелеген аудандарында тұман күтіледі.

Жауын-шашын және көктайғақ. Астана қаласында, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан және басқа да облыстарда жауын-шашын жауып, көктайғақ болуы болжанып отыр.

Қатты жел. Шымкент, Тараз, Ақтау қалаларында, Абай, Жетісу және басқа да өңірлерде желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді. Ал Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің екпіні секундына 23–28 метрге дейін күшеюі мүмкін.

Қолайсыз ауа райына байланысты тұрғындарға сақтық шараларын ұстанып, алыс жолға шығар алдында ауа райы болжамы мен жолдардың жағдайын тексерген жөн.

Оқи отырыңыз: 20 қарашаға ауа райы болжамы

Сондай-ақ оқыңыз