Жаңбыр, қар, көктайғақ: демалыс күндері ауа райы қандай болады
Жарияланды

«Қазгидромет» РМК 21, 22 және 23 қарашаға ауа райы болжамын жариялады. Оған сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, солтүстік өңірлерде көктайғақ болады.
«Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік-батыс циклондар сериясы әсер етеді», – деп хабарлады синоптиктер.
Алдымен циклондардың ықпалы елдің батыс өңірлерінде байқалып, кейін қолайсыз ауа райы солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарға таралады. Жаңбыр және қар жауады, еліміздің солтүстігінде көктайғақ болуы мүмкін. Ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.
Тек республиканың шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, тұман түсуі мүмкін.