Жолда қалған жаралы аққу емделетін болды

Ақтөбеде жол қызметкері жол бойында ұша алмай қалған жаралы аққуды құтқарып, емдеу мекемесіне тапсырды.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының хабарлауынша, кейде үлкен жолдың бойында адамға ғана емес, аң-құстарға да көмек қажет болады.
«Ақтөбе – Мақат» тасжолының Қандыағаш бағытындағы бөлігінде «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Ақтөбе облыстық филиалының маманы жарақат алған аққуды байқап, оған көмек қолын созған. «Құсты қарап шыққанда, оның қанаты зақымданғаны анықталды. Жол маманы қанатты құстың тағдырына бейжай қарамай, оны қауіпсіз жерге алып шықты», – делінген хабарламада.
Алдағы уақытта аққу қажетті ем-дом жасалып, күтім көрсетілуі үшін тиісті мекемелерге табысталмақ.
Айта кететін жайт, Ақтауда аққулар қырылғаннан кейін алынған сынама нәтижесі жарияланды