Олжас пен Дариғаға қатысы жоқ: Ochooou-дың бұрынғы әйелінің әні талқыға түсті

Жарияланды 21 Қараша 2026 12:07

(жаңартылды 22 Қараша 2026 14:53)
Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General news бөлімінің аға журналисі a.taubay@kursiv.media
instagram.com, бильд-редактор: Милош Муратовский

Ochooou атымен белгілі актер Олжас Абайдың бұрынғы жұбайы Аймира Аман көпшілікке жаңа әнін ұсынды. Ән ажырасу, баласына қамқорлық жасамайтын әкелер туралы болып отыр.

Әннің мазмұнына қатысты пікірталас туындаған соң сөзін жазған ақын Айдана Сегізбаева мәлімдеме жасады. Ол туындының Олжас Абай мен Дариға Бадықоваға ешқандай қатысы жоқ екенін айтты.

Айта кетейік, біраз уақыт бұрын Олжас Абай мен Дариға Бадықова шаңырақ көтерді.

«Бұл өлең ретінде ертеректе жазылған. Музыкасын жазып шыққан соң орындауға Аймира Аманға бердік. Бұл ән жалғыз өзі балаларын асырап жүрген аналарға арналады. Бұл ән әйелімен ажырасқан күні баласымен де “ажырасып» кететін «әкелерге» арналады. Бір бөлке нан, бір нәскиін әпермей қашып жүрген ер адамдарға арналады”, – деп жазды ақын Айдана Сегізбаева.

Сөзінше, қоғамда осындай ер адамдар көп кездеседі.

Бұған дейін Олжас Абайдың бұрынғы әйелі Аймира Аман жалдамалы пәтерде тұрып жатқаны айтылды. Әйелдің сөзінше, Олжас Абай балаларына пәтер алып беру туралы уәдесін әлі орындамаған.

Сондай-ақ оқыңыз