
Ресейлік әнші Дима Билан Астанада өзімен аттас баламен кездесті.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысындағы төрт жастағы Дима Биланның видеосы тарады. Ол жерде бала өзінің аты-жөнін айтқан, алайда сол ауылға барған әйел оған бірден сене қоймаған.
Кішкентай Дима Билан 20 қарашада «Барыс Аренада» өткен әншінің концертіне арнайы қонақ ретінде қатысты.
Смотреть в Threads
Кездесуден кейін әнші Threads желісінде бірге түскен фотосын жариялады.
«Кішкентай Дима Биланның көктемде түсірілген видеосы желіде кең тараған еді. Бүгін ол Астанадағы концеріме келді. Ертең кездесудің қалай өткенін көрсетемін», – деп жазды әнші.
Айта кетейік, Дима Билан 20 қарашада Астана қаласындағы «Барыс Аренада» концерт берді. Енді 22 қарашадаАлматы қаласындағы Almaty Arena алаңында өнер көрсетеді.