Алматыда Достық даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысы уақытша жабылады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Фото: Делия Айдаралиева

Алматыда 22 қарашадан 23 қарашаға қараған түні Достық даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Алматы әкімдігінің мәліметінше электр желісін тарту жұмыстары жүргізіледі.

Жоспарға сәйкес, аталған жол қиылысында 22 қараша сағат 22:00-ден 23 қараша сағат 06:00-ге дейін көлік қозғалысына шектеу қойылады. Осы уақыт аралығында мамандар кернеуі 10 кВ болатын кабель желісін ашық әдіспен төсеу жұмыстарын жүргізеді.

Жұмыстар аяқталғаннан кейін мердігер ұйым жол жабыны мен абаттандыру элементтерін қалпына келтіреді. Жүргізушілерге жолға шығар алдында қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерді ескеру ұсынылады.

Сондай-ақ оқыңыз