Асу Алмабаев UFC турнирінде жапониялық файтерден жеңіліп қалды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Асу Алмабаев уступил Киоджи Хоригучи единогласным решением судей на турнире UFC в Катаре. Рекорд казахстанца в UFC теперь составляет 7–2.
фото: instagram

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев Катарда өткен UFC турнирінде жапониялық Киоджи Хоригучиден жеңіліп қалды. Жекпе-жек үш раундқа созылып, төрешілердің шешімімен аяқталды.

Кездесу қорытындысы бойынша үш төреші де жеңісті жапониялық спортшыға берді. Олар жекпе-жекті 29:28, 30:27 және 30:27 есебімен бағалады.

Осылайша Асу Алмабаев UFC Qatar турнирінде жеңіліске ұшырады.

Ал бұған дейін аталған турнирде өнер көрсеткен тағы бір қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай жеңіске жеткен еді. Ол қарсыласын екінші раундта нокаутпен жеңді.

Сондай-ақ оқыңыз