«Өте ұят нәрсе»: Асу Алмабаев жеңілістен кейін пікір білдірді

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Михаил Краймер назвал Кёдзи Хоригути самым сложным соперником Асу Алмабаева и объяснил, как победа может приблизить казахстанца к титулу UFC.
Коллаж: Kursiv.media

Аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев жапониялық Киоджи Хоригучиден (Хари Гучи) жеңілгеннен кейін жанкүйерлеріне үндеу жасап, жекпе-жек нәтижесі мен сын-пікірлерге қатысты өз ойын айтты.

Спортшы ең алдымен өзіне қолдау көрсетіп, тілеулес болған барша отандастарына алғыс білдірді. Оның айтуынша, чемпиондық белбеуге бір табан жақын қалған сәтте жеңіліс табу кез келген спортшы үшін моральдық тұрғыдан ауыр тиеді.

«Қаншама ай, күн-түн демей жаттығу жасап, тер төгіп келіп, титулға бір қадам қалғанда артқа шегіну кез келген спортшы үшін моральдық тұрғыдан қиын. Өмірде маған ештеңе оңай берілген емес. Алда әлі де көп нәрсемен жұмыс істеу керек екеніне сенімдімін, ақталудың еш қажеті жоқ», — деді Асу Алмабаев.

«Біреудің жеңілісінен абырой іздемеңдер»

Спортшы өзінің сәтсіздігін пайдаланып, танымалдылық жинауға тырысып жүрген әріптестері мен сыншыларға да шүйлікті.

«Менің жеңілісімнің арқасында өздеріне ат жасап жатқан бауырларыма сәл таңғалатыным бар. «Біреудің қайғысынан бақыт құра алмайсың» деген сөз бар. Егер мықты болсаңдар, осы деңгейге келіңдер, топ-5, топ-10, топ-20 қатарына кіріп, өздеріңді көрсетіңдер. Ал біреудің жеңілісінің арқасында өздеріңе абырой іздемей-ақ қойыңдар, бұл – өте ұят нәрсе», – деді файтер.

Жекпе-жек нәтижесі туралы

Асу Алмабаев кездесу барысында өзін жеңілдім деп есептемейтінін, тіпті қарсыласының өзі төрешілер шешіміне таңғалғанын жеткізді.

«Әрине, бұл жекпе-жекте ақталмаймын, бірақ мен өзімді жеңілдім деп ойламадым. Тіпті соңғы раундта Хоригучидің өзі жеңіске жеткеніне таңғалып тұрды», – деді ол.

Сөз соңында спортшы елді ауызбіршілікке шақырып, кәсіби спортта жеңіс пен жеңілістің қатар жүретінін және алға жылжуды жалғастыратынын айтты.

Еске сала кетейік, Асу Алмабаев Катарда өткен UFC турнирінде жапониялық Киоджи Хоригучиден жеңілді.

Сондай-ақ оқыңыз