Ақбөкен етін өңдеу көлемі неге азайды: министрлік себебін түсіндірді

Жарияланды
Ақбөкен
Ақбөкен етін өңдеу азайған / Фото: Shutterstock

Қазақстанда ақбөкен етін өңдеу жұмыстарының қарқыны бәсеңдеді. Бұған ішкі нарықтағы сұраныстың төмендігі себеп болып отыр. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова Құрылтайда өткен брифингте мәлімдеді.

Вице-министрдің айтуынша, ақбөкен етін өңдеу жұмыстары өткен жылы Экология министрлігімен бірлесіп қолға алынған. Жобаға ірі ет өңдеу кәсіпорындары тартылған.

Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысындағы «Кублей» компаниясы былтыр ақбөкен етін өңдеп, дайын өнімді саудаға шығарған. Дегенмен тұтынушылар тарапынан сұраныстың аз болуына байланысты кәсіпорын өңдеу көлемін қысқартуға мәжбүр болған. Бұл үрдіс биыл да жалғасып отыр.

Бұдан бөлек, Ұлытау облысында да ақбөкен етін өңдеумен айналысатын кәсіпорын жұмыс істейді.

Назгүл Хатепованың сөзінше, елімізде ақбөкен етін өңдеуге ниетті кәсіпорындар жеткілікті. Алайда өнімге деген ішкі сұраныс әзірге жоғары емес. Сондықтан өндіріс көлемін ұлғайту нарықтағы қажеттілікке тікелей байланысты болмақ.

Вице-министрдің өзі әзірге ақбөкеннің етін тұтынып көрмегенін айтты.

Оқи отырыңыз: Қаржыны миллиардтап жымқыру: АШМ қандай салаға субсидия беруді тоқтатты

Сондай-ақ оқыңыз