Қазақстандағы күн станцияларын қандай компаниялар салып жатыр

Биыл Қазақстанда 5 күн электр станциясы іске қосылады. Энергетика министрілігінің хабарлауынша бұл күн станциялары жалпы қуаты 92 МВт энергия өндірмек.
Аталған күн электр станциялары Маңғыстау, Қостанай, Жетісу мен Қызылорда облыстарында салынып жатыр. Олардың үшеуі дұрыс істеп тұр.
Маңғыстау облысындағы қуаты 20 МВт болатын күн станциясын Stellar Energy серіктестігі салып жатыр. Бір жыл бұрын құрылған компанияның түпкі иесі – Сингапурда тіркелген KALLAITE ENERGY PTE. LTD. Ашық дереккөзде сингапурлық компания иесі туралы ақпарат табылмады.
Ал Қостанай облысындағы күн электр стациясын Altyn Solar Energy салған. Жалпы қуаты 22,6 МВт-қа тең. Adata.kz дерегіне сәйкес, нысан Solidcore Resources plc құрамына кіретін SOLIDCORE EURASIA LTD компаниясына тиесілі.
Жетісу облысында бой көтерген тағы бір күн станцияны Jetisu Terra Power компаниясына тиесілі. Jetisu Terra Power-дің құрылтайшысы -«Жетісу энергиясы» компаниясы. Ал бұл компанияның құрылтайшысы ретінде 6 адам тіркелген.
Ал төртінші және бесінші станция Қызылорда облысында салынбақ. Жалпы қуаты 30 МВт болатын нысан «Альхена» ЖШС-на тиесілі. Бұл серіктестік SOLAR POWER PLANTS LTD жеке компаниясына тиесілі. Түпкі иесі – ENI PLENITUDE RENEWABLES HOLDING B.V.
SOLAR POWER PLANTS компаниясының иесі бұған дейін BI grup компаниясына қарасты GENERAL CONTRACTORS GROUP» LTD болған. Құрытайшылары осыдан ай бұрын ауысқан.
Биылғы тоғыз айда жаңартылатын энергия көздері нысандары 7,8 млрд кВт·сағат электр энергиясын өндірген. Оның 1,9 млрд кВт·сағаты күн электр станцияларына тиесілі.
Бұған дейін қытай компаниясы Павлодар облысында 1,2 млрд долларға электр станциясын салатыны хабарланған.