Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекеті 1 жылға жабылады

2026 жылдың 25 қарашасынан бастап Қырғызстанның Шу облысындағы «Чалдыбар» өткізу бекеті арқылы барлық көлік құралдарының қозғалысы толығымен тоқтатылады. Бұл туралы Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шектеулер 2027 жылдың соңына дейін созылады. Оған қарсы бетте орналасқан қазақстандық «Сыпатай батыр» өткізу бекетінде жүргізілетін күрделі құрылыс жұмыстары себеп болып отыр.
Қазақстаннан Қырғызстанға жүк көліктерінің кіруіне ішінара шектеулер 23 қарашадан бастап енгізілген. Қозғалыс Бішкек уақыты бойынша 25 қараша күні сағат 01:00-де толығымен тоқтайды. Бұл шектеу екі бағыттағы жеңіл және жүк көліктеріне, сондай-ақ автобустарға қатысты болады. Сонымен қатар мемлекеттік шекарадан жаяу өту әдеттегі режимде сақталады.
Алдын ала жоспар бойынша «Чалдыбар» және «Сыпатай батыр» пункттері арқылы көлік құралдарын өткізу 2027 жылдың соңына қарай қайта жанданады.
Шектеу кезеңінде шекарадан өту үшін Қырғызстанның Шу облысындағы баламалы өткізу пункттерін пайдалануға болады: «Ақ-Жол», «Ақ-Тілек», «Кең-Бұлуң» және «Тоқмақ». Бағытты таңдау кезінде әрбір бақылау-өткізу пункті өткізетін көлік құралдарының санаттарын ескеру қажет.
Оқи отырыңыз: «Жібек жолы» өткізу бекеті қашан ашылады