Қазақстандықтар зейнетақы жинағын кімге сеніп тапсырды

Қазақстандықтар зейнетақы жинағынан 185,5 млрд теңгені Ұлттық банктен жеке басқарушы компанияларға аударған. Бұл қаражаттың үштен екісі Halyk Finance пен «Сентрас Секьюритизге» тиесілі. БЖЗҚ дерегінше, 2026 жылғы 1 қарашаға дейін 138,3 мың салымшы 146,7 мың аударым жасаған.
Екі компанияға 125 млрд теңгеге жуық қаражат аударылған
Көш басында Halyk Finance тұр. Оған 50 мыңнан астам салымшы 64,3 млрд теңге аударған. Екінші орында «Сентрас Секьюритиз» тұр. Бұл компанияны 35,2 мың адам таңдап, 60,6 млрд теңге аударған.
Қазақстандықтар зейнетақы жинағын кімге сеніп тапсырды?
Үшінші және төртінші орынның арасы жақын. BCC Invest-ке 28,7 млрд теңге, Alatau City Invest-ке 28,5 млрд теңге аударылған. Сома жағынан BCC Invest алда болса, Alatau City Invest-ті шамамен 2 мың адам көбірек таңдаған. Tansar Capital-ға 3,1 млрд теңге аударылған.
Жинақтың қанша бөлігін аударуға болады?
2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап салымшылар міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарынан жиналған қаражаттың 100%-ына дейін жеке компанияның басқаруына бере алады.