Танымал итальялық зергер Паоло Булгари қайтыс болды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
танымал итальяндық зергер Паоло Булгари қайтыс болды
Танымал итальялық зергер Паоло Булгари қайтыс болды / бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Bulgari зергерлік үйінің мұрагері әрі брендті халықаралық деңгейге шығарған итальялық зергер Паоло Булгари 89 жасында қайтыс болды. Бұл туралы зергердің отбасы хабарлады, деп жазды La Repubblica басылымы.

Паоло Булгари – Bulgari брендінің негізін қалаушы Сотирио Булгаридің немересі. Ол бауырлары Джанни және Николамен бірге отбасылық бизнесті басқарып, оны люкс санатындағы ең танымал итальялық брендтердің біріне айналдырды.

1984 жылы Паоло компания басшысы болып тағайындалып, брендтің шетелде танылуына тікелей жетекшілік еткен.

Bulgari зергерлік үйінің тарихы

Bulgari тарихы 1884 жылы Римде ашылған шағын дүкеннен басталды. Онда грек зергері Сотирио Булгари өзі жасаған күміс әшекейлерді, бағалы бұйымдар мен көне заттарды сатқан. Кейін ол Италияның өзге қалалары мен Швейцария курорттарынан да дүкендер ашып, кәсібін кеңейтті.

Уақыт өте келе Bulgari қызметі зергерлік өнер аясынан шығып, осы маркамен сағаттар, аксессуарлар мен парфюмерия өндіріле бастады, сондай-ақ қонақүй бизнесі бағыты дамыды.

La Repubblica басылымы зергердің бойындағы қасиеттерге де тоқталып өткен еді. Жазуынша, Паоло Булгари көп сөйлемейтін, бірақ әзілі өткір жан болған. Тұтынушыларға өзін қарапайым сатушы-кеңесші ретінде таныстырудан еш қысылмайтын. Сатып алушылар оның кәсіби біліктілігіне тәнті болған, сондықтан бұйым таңдарда адамдар үнемі зергерден кеңес сұрағанды жөн көретін

Айта кетейік, зергермен қоштасу рәсімі 23 қарашада Римде өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз