Дания мектептерде оқушыларға телефон қолдануға толық тыйым салмақ

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Казахстанцы впервые потратили больше трафика через смартфоны, чем через домашний Wi-Fi
Фото: Shutterstock

Дания үкіметі мектепте оқушылардың смартфон және интернетке қосылатын басқа да жеке құрылғыларды пайдалануына тыйым салу туралы келісімге келді. Жаңа шектеу 2027-2028 оқу жылынан бастап енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Дания білім министрлігі хабарлады.

Тыйым мемлекеттік және жекеменшік мектептерге, халықаралық мектептерге, интернаттарға және балалар мен жасөспірімдерге арналған сабақтан тыс білім беру ұйымдарына қатысты болады.

Оқушыларға телефонды сабақ кезінде де, үзілісте де пайдалануға рұқсат берілмейді. Сабақ басталғанда мұғалім оқушылардың телефонын жинап алуы немесе оны күні бойы сөмкеде сөндірулі күйде ұстауын талап етуі мүмкін.

Бұдан бөлек мектептердің интернет желісінде арнайы сүзгі жүйесі енгізіледі. Ол арқылы білім алуға қатысы жоқ сайттар, соның ішінде әлеуметтік желілер, ойын және сауда платформалары бұғатталады. Қандай сайттарға шектеу қойылатынын жергілікті билік пен мектеп әкімшілігі анықтайды.

Алайда денсаулығына немесе даму ерекшеліктеріне байланысты электронды құрылғыларды пайдалануы қажет оқушыларға жеңілдік қарастырылған. Мысалы, қант диабеті бар балалар қандағы қант деңгейін бақылау үшін смартфон қолдана алады. Сондай-ақ көру қабілеті бұзылған немесе дислексиясы бар оқушыларға арнайы қосымшаларды пайдалануға рұқсат беріледі. Ал ноутбук пен планшетті тек сабақ барысында қолдануға болады.

Тыйым салу туралы заң жобасы алдағы парламент сессиясында қаралады деп жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз: TikTok пен Instagram-да отырған кім: телефон баланікі екені қалай анықталады

Сондай-ақ оқыңыз