Маңғыстауда айналымы 63 млн теңгеден асатын жасырын казино әшкереленді

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Казахстанцы перевели 191 млрд теңге для зарубежных онлайн-казино
Маңғыстауда айналымы 63 млн теңгеден асатын жасырын казино әшкереленді / Фото: shutterstock

Маңғыстау облысында заңсыз ойын мекемесі анықталып, оның қызметі тоқтатылды, деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі.

Тергеу мәліметтері бойынша, бір топ адам арнайы жабдықталған ғимаратта заңсыз бизнес ұйымдастырған. Онда ойын терминалдары орнатылып, ақшалай бәстер қабылданған және құмар ойындар өткізілген.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары заңсыз әрекеттердің деректерін анықтауға мүмкіндік берді. Тергеу барысында ойын жабдықтары тәркіленді. Мамандардың қорытындысына сәйкес, тігілген бәстердің жалпы сомасы 63 млн теңгеден асқан», — делінген ресми хабарламада.

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Айта кетейік, осыған дейін Ақтау тұрғыны алаяқтарға аударған 2 млн теңгесін сот арқылы қайтарып алған еді.

Сондай-ақ оқыңыз