Орын тапшылығын азайту үшін Астанада 21 жаңа мектеп салу жоспарлануда

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Орын тапшылығын азайту үшін Астанада 21 жаңа мектеп салу жоспарлануда / Фото: instagram.com / jenis_qasymbek

Астанада бір оқу жылы ішінде бір ауысымда шамамен 41,5 мың оқушы орнын ашу көзделіп отыр. Бұл көрсеткіш 21 жаңа мектептің құрылысы есебінен қамтамасыз етілмек, деп хабарлады елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында.

«Оқу орындарының құрылысына жеке инвестицияларды да тартып жатырмыз. Биылғы оқу жылында – 12 мектеп, оның тоғызы қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр. Соңғы үш жылда рекордтық деңгейде – 44 оқу орны салынды. Оның 24-і – Мемлекет басшысының «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтерді», — деп жазды Қасымбек.

Елорда әкімінің айтуынша, қазіргі таңда екі мыңға жуық студент әкімдік гранты есебінен педагогикалық мамандықтар бойынша білім алуда. Соңғы жылдары қала тарапынан жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша педагог даярлауға 1,5 мыңға жуық грант бөлінген.

Сонымен қатар, Гуманитарлық колледж базасында Педагогикалық институт құрылып, бүгінде онда 4,5 мыңнан астам студент оқып жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанда бір мектеп салуға қанша қаржы кететіні туралы жазған едік. Астананың Нұра ауданындағы 1 200 орындық мектеп құрылысына 7 млрд теңге бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыз