Бейжіңнің бұрынғы мэрі тергеуге алынды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Бейжіңнің бұрынғы мэрі тергеуге алынды / Фото: Getty Images

Қытай Коммунистік партиясы (ҚКП) Шанхай қалалық комитетінің хатшысы Чэнь Цзинин «тәртіп пен заңды өрескел бұзды» деген күдікпен тергеуге алынды. Бұл туралы Xinhua агенттігі хабарлады.

Тергеуді ҚКП Тәртіпті тексеру жөніндегі орталық комиссиясы мен Мемлекеттік қадағалау комитеті жүргізуде. Қытайда мұндай стандартты тұжырым сыбайлас жемқорлыққа қатысты қолданылады, алайда істің егжей-тегжейі әзірге жария етілген жоқ.

Кеше кешкісін шұғыл отырыс өткізген Шанхай партия комитетінің басшылығы Бейжіңнің бұл шешіміне «батыл қолдау» білдірді. Сондай-ақ, мегаполис билігі қауіпсіздікті, қоғамдық тұрақтылықты сақтауға және жылдық экономикалық көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етуге шақырды.

Чэнь Цзинин Қытайдың билеуші партиясының 24 адамнан тұратын жоғары басқарушы органы – ҚКП Орталық комитеті Саяси бюросының құрамына кіреді. 2022 жылы Шанхай парткомының басшысы болып тағайындалғанға дейін ол Бейжің мэрі және Қоршаған ортаны қорғау министрі қызметтерін атқарған.

Айта кетейік, осыған дейін Қытайда бұрынғы екі қорғаныс министрі Вэй Фэнхэ мен Ли Шанфу өлім жазасына кесілген еді.

Сондай-ақ оқыңыз