Екібастұз ГРЭС-1 станциясында жұмысшы тоқ соғып қаза тапты

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Екібастұз ГРЭС-1 станциясында жұмысшы тоқ соғып қаза тапты / Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Павлодар облысындағы «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС аумағында мердігер ұйымның қызметкері электр тогына түсіп көз жұмды. Қайғылы оқиға 19 қарашада болған.

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің хабарлауынша, қазіргі уақытта өлімге әкеп соққан жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамның өліміне электр тогының соғуы себеп болған.

Инспекция өкілдері марқұмның ГРЭС-1 штаттық қызметкері емес, мердігер ұйымның жұмысшысы болғанын нақтылады. Оқиға кезінде оның нақты қандай жұмыс атқарғаны әзірге жарияланған жоқ.

Арнайы тергеу барысында мамандар оқиғаның мән-жайын, қауіпсіздік талаптарының сақталу деңгейін анықтап, жұмыс беруші мен жұмысшының жауапкершілік дәрежесін белгілейді.

Айта кетейік, осыған дейін Екібастұзда станция қызметкерін жүк вагоны басып кеткен еді.

Сондай-ақ оқыңыз