Президент Тоқаев жұмыс сапарымен Мәскеуге барды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Президент Тоқаев жұмыс сапарымен Мәскеуге барды / Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект саласына арналған беделді халықаралық жиынға қатысу мақсатында Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барды.

25 қарашада Қазақстан президенті Мәскеу қаласына келіп жетті. Оны әуежайдан Ресей Үкіметінің ресми тұлғалары салтанатты түрде қарсы алды.

Сапар аясында Мемлекет басшысы AI Journey 2026 халықаралық конференциясының жұмысына қатысады деп жоспарлануда. Бұл жиында әлемдік сарапшылар мен мемлекет басшылары жасанды интеллект технологияларын дамыту, цифрландыру және осы саладағы халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.

Мәскеуге Тоқаев Ресей президент Владимир Путиннің шақыртуымен барды. Соңғы рет екі президент Бішкекте өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШҰҰ) мерейтойлық саммиті аясында кездескен еді. 

Ал жиырма күн өткен соң телефонмен сөйлесіп, Тоқаев Ресей көшбасшысын Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтаған. 

Сондай-ақ оқыңыз